Жұмыс орнындағы төбелестен соң. Спортшы шенеуніктер қызметтен кетті

79
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EV4G6neKBsRnmk0fXH9FmetNpc6Ui913RGasi1dY.webp

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сапиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы 2026 жылғы 3 ақпанда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, екі лауазымды тұлға да қызметінен өз еркімен кеткен.

Бұл шешім қаңтар айында болған жанжалдан кейін қабылданды. 21 қаңтарда басқарма басшысы мен оның орынбасары арасында жанжал туындап, оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Оқиға қоғамда қызу талқыланып, кейін басқарма жұмысына қатысты тексеріс басталған.

Оқиғаға қатысты Серік Сапиев бұған дейін мемлекеттік қызметкер ретінде этиканы сақтайтынын мәлімдеген. Ол жанжал жеке тұрмыстық жанжал емес, қызметтік мәселелерге байланысты болғанын айтқан. Оның сөзінше, өңірдегі спорт ұйымдары басшыларын заңсыз ауыстыру әрекеті болған.

Ал Дәурен Есімханов әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тараған ақпарат толық шындықты көрсетпейтінін айтып, жұртшылықты арандатуға ермеуге шақырған.

Комментарии