Фосфор зауытында екі жұмысшы қаза тапты

93
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LCNUjsjc9KJAtmr9d0RMwdAeFBIuIsU4gD4EArPA.webp

Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындарда екі бірдей өндірістік оқиға тіркеліп, салдарынан екі жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алғашқы қайғылы жағдай 29 қаңтар күні Жаңа Жамбыл фосфор зауытының №5 цехында болған. Жұмыс барысында пештен ыстық шлак сыртқа атқылап, сары фосфор өндірумен айналысқан екі аппаратшы мен бір слесарь күйік жарақатын алған. Үшеуі де қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Ауыр халде жансақтау бөліміне түскен аппаратшылардың бірі алған жарақаттарынан көз жұмды.

Екінші оқиға минералды тыңайтқыштар зауытында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі автокөлік бортына жүктi бекітіп жатқан сәтте артқа қозғалып келе жатқан БелАЗ карьерлік самосвалы оны қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған деректер бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Бұл бап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қазіргі уақытта компания тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Комментарии