Үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданында екінші атом электр станциясын салу туралы шешімді бекітті. Тиісті қаулыға бүгін, 26 қаңтарда премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,- делінген қаулы мәтінінде.
Еске салайық, 2025 жылдың 1 қазанында Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысында екінші АЭС салынатынын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, станцияны Жамбыл ауданында салу елдің оңтүстігін сенімді әрі тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет. Сондай-ақ әлеуетті мердігерлермен келіссөздер жүргізіліп, қытайлық CNNC компаниясы басым үміткер ретінде қарастырылған. Жергілікті тұрғындар жобаны қолдаған.
Өткен жылдың тамыз айында Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында АЭС құрылысы жобасы бойынша алғашқы жұмыстар басталған еді. Бас мердігер ретінде ресейлік «Росатом» компаниясы белгіленген.
Президентом поручено обеспечить устойчивое развитие страны через цифровую трансформацию – О. Бектенов