Арменияда жаңа АЭС-ті кім салады?

96
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6BS6iPLWA4l2XAdR0BTOJ4QtTIXhGziiDDjsMjbl.jpg

Арменияда жаңа атом электр станциясына байланысты келіссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді.

Премьер-министр 8 тамызда қол қойылған армян-америкалық келісімдер аясында, ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастыққа байланысты айтылған сараптамалық пікірлерге тоқталды. Оның айтуынша, үкімет тиісті біліктілігі мен кәсіби беделі бар барлық мамандардың пікірін ескереді.

Никол Пашинянның сөзінше, қазіргі таңда ядролық реакторларды әзірлеумен айналысатын барлық әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында АҚШ, Франция, Ресей, Оңтүстік Корея және Қытай бар.

«Жаңа станция үшін технология жеткізушіні таңдау барлық негізгі сұрақтарға толық әрі нақты жауап алынғаннан кейін ғана қабылданады», — деді үкімет басшысы

Комментарии