Президент Израиль сыртқы істер министрін қабылдады

138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Zc4EvbISnB31awhWpJeYEepiLmxoB60fygZeMjUt.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің сыртқы істер министрі Гидеон Саарды қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Саардың сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға Израильдің берік ниетінің айқын дәлелі екенін атап өтті.

Әсіресе сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарды, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне басымдық берілді.

Президент Тоқаев Астанада өткен қазақ-израиль бизнес-форумы маңыздылығын атап өтіп, оның инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін ерекше атады.

Өз кезегінде Гидеон Саар екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге Израильдің мүдделі екенін жеткізді. Министр Қазақстан Президентінің Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадамның халықаралық тұрақтылық пен диалогты нығайтуға үлес қосатынын атап өтті.

 

Комментарии