Ұлттық Құрылтайда Президенттен отандық БАҚ-қа қолдау көрсетуін сұрады

165
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nYgwXCEw7MAIYSDst0LCqUjyyEXhPBhBvckWD4R1.jpg

«Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысынан отандық бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсетуін сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналистің айтуынша, аймақтық деңгейдегі медиаресурстарды дамыту арқылы өз нарративімізді өзіміз қалыптастыруға мүмкіндік бар. Ал медиасауатты азамат қоғамды сыртқы ақпараттық манипуляциялардан және киберқауіптерден қорғайды.

«Шынайы, сапалы ақпаратқа сұраныс азайған жоқ. Отандық БАҚ бірқатар қиындыққа қарамастан, өз жұмысын жемісті жалғастырып келеді. Осы орайда, Президент мырза, БАҚ-ты қолдауыңызды сұраймыз. 2022 жылғы Жолдауыңызда журналистердің қауіпсіздігі мәселесін көтердіңіз. Алайда тәжірибе көрсеткендей, Қылмыстық кодекстің 158-бабы журналистерді толық қорғай алмай отыр. Сондықтан құқықбұзушылықтардың бір бөлігін әкімшілік жауапкершілік санатына көшіруді ұсынамыз», — деді қор басшысы.

Сонымен қатар, Парламент реформасы аясында әйелдердің 30% квотасын сақтап қалу ұсынылды, бұл әйелдердің саяси қатысуын арттыруға бағытталған.

Комментарии