АҚШ президентінің Иранға шабуыл жасамайтыны айтылды

102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға әскери күш қолданбайтынын хабарлап, Тегеранды да сабырлы болуға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Ақпаратты Иранның Пәкістандағы елшісі Реза Амири Могадам мәлімдеген.

Могадамның айтуынша, Ирандағы жағдай толық бақылауда. Алайда мемлекет төтенше дайындық режимін сақтап отыр. Осыған байланысты елдің әуе кеңістігі уақытша жабылған. Дипломат егер кез келген агрессия орын алса, Тегеран АҚШ пен Израиль объектілеріне қарсы жауапты соққылар жасауға дайын екенін ескертті.

Bloomberg агенттігі де АҚШ президенті Трамптың күш қолданудан бас тартқанын хабарлады. Президенттің айтуынша, «қарсы тараптан» алынған ақпаратқа сәйкес, Иран үкіметі жаппай наразылыққа қатысушыларды өлтіруді тоқтатқан. Трамп бұл мәліметті «өте маңызды көздерден» алғанын жеткізді.

«Бізге Ирандағы өлтірулер тоқтатылды деп хабарланды», – деді АҚШ президенті БАҚ өкілдеріне.

Ол егер репрессия қайта жалғасса, қатты қынжылатынын атап өтті. Сонымен қатар, АҚШ президенті әскери әрекет мүмкіндігін қадағалап отырғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп ирандықтарды үкімет пен аятолла Хаменеиге қарсы наразылықты жалғастыруға шақырған. Көптеген наразылық акцияларында адамдар қаза тапқаннан кейін президент «қажетті әрекет жасайтынын» мәлімдеген.

Комментарии