Астанада арнайы жасақ қызметкеріне қарулы шабуыл жасалды

486
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7piMSoZrG6mfeYSr7TvF1LKabkiL4Qk6PekI3llO.webp

Желіде Ішкі істер министрлігіне қарасты «Сұңқар» арнайы жасағының қызметкеріне шабуыл жасалды деген ақпарат тарады. Астана қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ПД мәліметінше, 21 жастағы ер адам  автокөлік жүргізушісіне аңшылық мылтықтан оқ атып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

«Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды», – делінген хабарламада.

Полиция жәбірленушінің құқық қорғау органдарының қызметкері екенін растады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Мылтық тәркіленді. Жәбірленуші – құқық қорғау органдарының қызметкері, ол оқиға кезінде еңбек демалысында болған», – деп нақтылады ПД.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

 

 

Комментарии