Өзбекстандық шенеунік Соловьевтің Орталық Азияға қатысты мәлімдемесін сынға алды

135
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/T5qw8HdVu31GXg9AoKShXPUXK2t5HHwfr7iLsGsj.jpg

Өзбекстандағы «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының жетекшісі Әлішер Қадыров ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьевтің Ресейдің «ықпал аймағы» туралы айтқан пікірін сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы UzDaily.uz-ға сілтеп.

Қадыровтың айтуынша, өңірде ықтимал әскери әрекеттер туралы арандатушылық мәлімдемелерге сабырмен қарау қажет. Ол Өзбекстанның сыртқы саясаттағы басты ұстанымы – халықаралық құқыққа негізделген прагматикалық әрі өзара тиімді саясат жүргізу, барлық достас мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту екенін атап өтті.

«Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында үздіксіз айтылып жатқан мұндай мәлімдемелер стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың рухына қайшы келіп қана қоймай, оларды әлсіретуі мүмкін», – деді Әлішер Қадыров.

Оның сөзінше, Орталық Азия – қауіпсіздік, тұрақтылық және тату көршілік аймағы. Бұл – қарқынды даму мен өзара ынтымақтастыққа арналған кеңістік, ал бауырлас мемлекеттер кез келген агрессияға бірлесіп жауап беруге қабілетті.

Айта кетейік, Соловьевтің мәлімдемесінен кейін Қырғызстан депутаты да пікір білдірген.

 

Комментарии