Жаттығу кезіндегі салғырттық. Сарбаз аяғына оқ атты

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jFet0gue7HqWcF3tqalmHBbk1hZr2Pg7axnS5nZD.jpg

Алматыдағы оқу полигонында өткен жаттығу кезінде әскери қызметкер өз аяғына оқ атқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты Ұлттық ұлан баспасөз қызметі растады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, сарбаз қауіпсіздік талаптарын бұзған. 

Оқиға13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында 5571 әскери бөлімнің жеке құрамымен жауынгерлік дайындық аясында оқу атысы кезінде болған.

“Қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан 2–2025 шақырылымының мерзімді әскери қызметкері, қатардағы Г, АК-74 автоматы арқылы сол жақ аяғына жанай оқ тигізіп, өзіне жарақат салды. Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Әскери қызметкердің жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіпті мүшелер зақымданбаған”, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Комментарии