Оралда көпқабатты пәтерде өрт шығып, артынша үлкен жарылыс болды

131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aW9vYRtkYGOXrbrc459lcsc2ccly5F61lirKg76G.jpg

Оралда бос тұрған пәтерде өрт шығып, артынша үлкен жарылыс болды. Оқиғаның барысы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды "Адырна".

Төтенше жағдай бүгін, 12 желтоқсан күні сағат 14:00-де Циолковский көшесінде болды.

Өрт көпқабатты үйдің үшінші қабатынан басталған. Өрт сөндірушілер іштегі тұрғындарды саты арқылы балконнан құтқармақ болғанмен, жарылыс болып, балконын опырып түсіргенін байқауға болады. Өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды.

«2025 жылғы 12 желтоқсанда БҚО ТЖД 112 кезекші диспетчерлік қызметіне бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балкон терезесінен қатты түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімдері пәтерде жеке заттар мен жиһаздың ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтады.

Өртті сөндіру газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан қиындады, нәтижесінде терезе рамасы мен балкон шынысы сынды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, көршілердің айтуынша, аталмыш пәтерде ешкім тұрмайды.

Құтқарушылар жүргізген дер кезінде эвакуацияның арқасында үй тұрғындары ауыр зардаптардан аман қалды. Өрт толықтай 10 м² аумақта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 23 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды», – дейді ТЖМ агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Комментарии