Кенесарының басы қайтарыла ма? Вице-министр жауап берді

1052
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/M91oq7Kz9SpvfBcAe6iXgLuzF6JerSC8xCjESRfd.jpg

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Кенесары ханның басын Қазақстанға қайтару мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл сұраққа дәл қазір нақты жауап беру қиын. Өйткені Кенесары ханның басы нақты қай жерде екенін айта алмаймыз. Бізде ондай нақты, дәлелді ақпарат жоқ", - деді ол.

БАҚ өкілдері артефактінің мәдени маңыздылығын ескере отырып, оны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр ма деп сұрады. Сыдықовтың айтуынша, зерттеулер әлі жалғасып жатыр.

«Бұл тек Кенесары ханның басына қатысты емес. 2004–2006 жылдары және кейінгі кезеңдерде мәдени мұраны іздестіруге арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар болды. Біздің ғалымдар шетелге шығып, музейлерде, архивтерде, кітапханаларда жұмыс істеді. Көптеген архивтік құжаттардың көшірмесі Қазақстанға жеткізілді»,- деді вице-министр.

Комментарии