"Келісімге келуге дайынмын". Облыс әкімі уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді

487
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FjlIk7lENy7gdt9NUUTgpL9qJ16kLH9yJayodNh8.jpg

Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірде уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты жаппай наразылықтар тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әкімнің айтуынша, мектептер мен ауруханалар таңғы сағат 8:00-де жұмысын бастайды, ал кейбір мемлекеттік қызметкерлер бұдан ертерек кіріседі.

"Мен аппараттағы қызметкерлерге жұмыс кестесін реттеуді ұсындым, бірақ олар ашық түрде қосымша жұмыс істегісі келмейтінін айтты. Оларға сағат 8-ден 5-ке дейін жұмыс істеу ыңғайлы", - деді Берік Уәли.

Журналистер әкімнен тұрғындардың бұл өзгеріске қаншалықты келісетіні жөнінде сұраған кезде, ол:

"Кім сөйлескісі келсе, мен дайынмын. Келісімге келуге әзірмін", - деп жауап берді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың наурызында Қазақстан бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өтті. Билік бұл шешімді биологиялық ырғақты қалпына келтіру, бизнес-процестер мен көлік қатынасын оңтайландыру мақсатында қабылдағанын түсіндірген.

Дегенмен, елдің шығыс және солтүстік аймақтарында кейбір тұрғындар күннің тым ерте шығуы мен қыс мезгілінде ерте қараюына шағымданған. Ал 2025 жылдың қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында жаңа жұмыс кестесі пилоттық жобамен енгізілді. 

Комментарии