LRT Қосшы қаласына дейін созылмақ

1265
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/i0FB3w94j8moufRIYI4lzLN1mQmsZgHkynAh0edF.webp

LRT желісін Қосшы бағытында кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін, 29 қазанда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол күн сайын Қосшыдан елордаға 15–20 мыңға жуық көлік кіретінін, бұл қала жолдарына айтарлықтай салмақ түсіретінін мәлімдеді.

«Қосшы — қарқынды дамып келе жатқан қала серігі. Екі қала арасындағы қозғалыс өте белсенді болғандықтан,  LRT-нің келесі кезеңін осы бағытта саламыз», — деді әкім.

Одан бөлек, ол LRT-ның тағы бір тармағы Тұран даңғылына дейін, әрі қарай ескі теміржол вокзалына дейін жалғасатынын жеткізді.

«Алдымен бірінші бөлігі аяқталады. Қосшы бағыты бойынша жоба шамамен бір жарым жылда толық іске қосылады деп жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді елорда әкімі.

Әкімнің айтуынша, құрылыс қарыз алу арқылы қаржыландырылуы мүмкін.

 

 

Комментарии