Қазақстанға түскен “белгісіз” дрон. Қорғаныс министрлігі не дейді?

1235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/q9n0HUCfmPs7mghHZ2wrvcdJDuOw1uI29blexAFy.webp

Батыс Қазақстан облысы аумағында құлаған ұшқышсыз ұшу аппаратына қатысты қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ведомствоның мәліметінше, дронның қалдықтары елді мекендерден алшақ жерден табылған. Зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ.

«Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі атап өткендей, әуе кеңістігін бақылауды күшейту және шекараны рұқсатсыз кесіп өтуге жол бермеу мақсатында қосымша шаралар қабылданған.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы ақпарат тараған еді.

Комментарии