Батыс Қазақстан облысында құлаған ұшқышсыз аппараттар Ресейге тиесілі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«БҚО аумағында табылған ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көпшілігі, яғни 90 пайыздан астамы Ресейдің 926-шы ұшыру әрі сынақтан өткізу орталығының полигоны шекарасында орналасқан. Бұл солардың полигоны және оның әуе кеңістігі саналады»,—деді ол Сенат кулуарында.
Айта кетейік, ақпан айынан бері Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан мен Ресей шекарасының маңында төрт дрон құлаған еді.