Прокуратураның араласуынан кейін ғана. Бір ауданда 146 жұмысшының жалақысы төленді

679
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cMHDrCekRwVyl9kTodmFuHWq85ib0zC2luMS9Nb1.png

Жамбыл облысы Байзақ ауданында прокуратураның араласуынан кейін жұмысшылардың еңбекақысы толық өтелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Байзақ ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында (ШЖҚ МКК) еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталды.

Кәсіпорынның қаржылық шығындарын негізсіз жоспарлауының салдарынан 2024 жылдың маусым айында 146 қызметкерге 18,2 миллион теңге көлемінде жалақы қарызы жиналған.

Прокуратураның қадағалау актісі нәтижесінде бұл берешек толығымен өтеліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Биыл Жамбыл облысының прокуратурасы мен уәкілетті органдардың бірлескен шараларының арқасында 1 213 жұмысшының алдындағы 241 миллион теңге жалақы берешегі өтелген. Жалпы өңір прокурорлары 16 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқықтарын қорғауға үлес қосты.

Комментарии