«ҚазМұнайГаз» "Солтүстік Өзеннен" мұнай іздей бастады

1447
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yvZjSZ8sQ3PmP9afrgSfyCJXTfPogZRGLYbnsj3d.webp

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Маңғыстау облысындағы «Солтүстік Өзен» учаскесінде мұнай іздеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Компания бұл учаскені барлау және игеру құқығын 2024 жылдың маусым айында алған болатын.

Қазіргі уақытта аумақта алғашқы іздеу ұңғымасы бұрғылануда. Барлығы екі ұңғыма қазу жоспарланған.

Оның бірі 2000 метр болса, екіншісі — 1650 метр тереңдікте. Жобаны «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы — «KMG Barlau» ЖШС жүзеге асыруда.

Бұрғылау жұмыстары басталмас бұрын 400 шаршы шақырым аумақта сейсмобарлау зерттеулері жүргізілген.

«Бірінші іздеу ұңғымасы — жобаның негізгі кезеңдерінің бірі. Оның нәтижелері геологиялық құрылымды нақтылап, аймақтың мұнай-газ әлеуетін анықтауға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді компания өкілдері.

«Өзен Солтүстік» учаскесі Қарақия және Маңғыстау аудандарының аумағында, Жаңаөзен қаласынан шамамен 20 шақырым жерде орналасқан. Бұл жоба күрделі деп саналады және оған ерекше назар аударылып отыр. Себебі бұл жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Ақтауға жұмыс сапары кезінде ұлттық компанияға өңірдің мұнай-газ әлеуетін одан әрі дамыту міндетін жүктеген болатын.

Комментарии