Қазақстандағы ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ынтымақтастық мысалдары Варшавадағы ЕҚЫҰ конференциясында ұсынылды

1517
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cTDDLs1Ib1CUenLJhafYBZJrQyATaU8tWWj6wipo.jpg

10 қазан күні Варшавада өткен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ адам өлшемі жөніндегі конференциясының пленарлық отырысында негізгі талқылау тақырыбы демократиялық заң шығару тәжірибесіне арналды.

«Ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Динара Есимова ҮЕҰ-дың заң шығару процесіне қатысуының жарқын үлгісі ретінде Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубы мен “Талдаушылар мектебі” жобаларын атап өтті.

«Мен “Талдаушылар мектебінің” екінші легінде ментор ретінде жұмыс істедім, қазір бұл мектептің бес легі бар. Ол кезде мен инклюзиясы бар адамдарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамту мәселелерімен айналысатын бөлімді басқардым. Бұл бастама Қазақстан Сенатының қолдауымен жүзеге асты. Бұл — еліміздегі демократияландырудың нақты мысалы. Біз өз қажеттіліктеріміз туралы ашық айтуға мүмкіндік алдық», — деді сарапшы.

Сондай-ақ, ол соңғы екі жылда Парламент Мәжілісі жанындағы жұмыс тобының мүшесі ретінде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықты тыйым салу туралы заңды талқылауға қатысқанын атап өтті.

«Бұдан бөлек, мен университетте әлеуметтік жұмыс пәнінен сабақ беремін және осы саладағы жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледім. Бізде әлеуметтік қызметкерлер қауымдастығы бар, және біз депутаттарға нақты ұсыныстарымызбен көмектесеміз», — деп қосты Динара Есимова.

Комментарии