Резонансты іс. Әлика Мұхамадиеваға қатысты сот ашық форматта өтеді

1215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Кәсіпкер Әлика Мұхамадиеваға қатысты резонансты іс сотқа жетті. Қазыбек би аудандық соты қылмыстық істі өндіріске қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы сот отырысы 2025 жылдың 14 қазанына белгіленді.

Сот қаулысына сәйкес, тыңдаулар ашық форматта өтпек. Мұхамадиева сот залына конвоймен жеткізіледі. Тергеу барысында ол қамауда болған.

Кәсіпкерге ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша – «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша айып тағылған.

Қылмыстық істің қозғалуы оның Threads әлеуметтік желісінде қазақтар туралы жазған пікірлерімен байланысты. Әлеуметтік желі қолданушылары Мұхамадиеваны арандатушылық және қорлау сипатындағы жазбалар таратты деп айыптаған. Кейін ол бейнежазба жариялап, көпшілік алдында кешірім сұрағанымен, бұл оны жауапкершіліктен босатпаған.

Әлика Мұхамадиева Қарағанды қаласында Қытайдан тауар жеткізу және киім дүкенін иеленген кәсіпкер ретінде белгілі. Егер сот оның кінәсін дәлелдесе, ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Комментарии