Ұлытауда Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалінің ашылуы өтті

2079
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/o9mUfpxmOyMwJgVpG1GicC6pxuVWndOCcEfOaYf9.jpg

Бүгін Ұлытау облысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, көрнекті қазақ режиссері Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Фестивальдің құрметті қонағы – Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов, сондай-ақ Жанат Хаджиевтің жұбайы Рашида ханым болды.

Бұл – Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының бастамасымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған өнер мерекесі.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қонақтар мен қатысушыларды құттықтап, фестивальдің өңірдің мәдени өміріндегі маңыздылығын атап өтті.


– Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі. Осы қасиетті мекенде өтіп жатқан өнер мерекесі шығармашылық ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық өнеріміздің өрісін кеңейтеді деп сенемін. Фестивальге қатысушыларға табыс, ал көрермендерге жарқын әсер тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы күндері еліміздің бірқатар театрлары мен Ресей, Қырғызстан елдерінің өнер ұжымдары өз қойылымдарын ұсынып, бақ сынайды.

Комментарии