Алматыда 3000 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртенді

743
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gb3XbAGDk4oapna8pVlLmsg74EEGCVKDQwiW9k6V.webp

Алматының Медеу ауданында 3000 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт жайлы хабарлама сағат 16:19-да түскен. Тілсіз жау Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолы қиылысындағы төбе беткейінде шыққан.

Өрт сөндірушілер тауға көтеріліп, 8 минутта оқиға орнына жетті. Барлау кезінде 3000 шаршы метр аумақта құрғақ шөптің жанғаны анықталды. Жағдайды биіктіктен бақылау үшін дрон қолданылды.

Өртті сөндіруге 43 өрт сөндіруші мен құтқарушы және 9 техника жұмылдырылды. Желдің әсерінен жалынның жеке үйлерге таралу қаупі болғанымен, дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында ол жойылды.

ТЖД хабарлауынша, өрт сағат 17:29-да оқшауланып, 17:55-те толық сөндірілген.

Комментарии