"Үкімет 15 жыл бойы әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтыққа жол берді"

1411
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3dBnuv5x7Krr0f8bnqw0JFaL6sNLgQ2OVqIr6K9C.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жолдауында Үкімет соңғы 15 жыл бойы әлеуметтік салада алаяқтыққа жол беріп келгенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұрынғы КСРО аумағындағы және одан тыс аймақтардағы қақтығыстарға қатысқан азаматтарға арнайы төлемдер мен медициналық қызмет көрсетіліп отырғанын атап өтті.

Алайда ол әлеуметтік жеңілдіктердің қолдан көбейтілуі мемлекет қаржысын тиімсіз жұмсауға әкеліп соғатынын ескертті.

«Бұл қаражат елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдары сияқты маңызды нысандарды салуға бағытталуы тиіс», – деді Тоқаев.

Президент мысал ретінде кезінде «әлеуметтік жанашырлар» ойлап тапқан толық емес отбасыға берілетін жеңілдікті келтірді. Оның айтуынша, осы жеңілдік ажырасқан отбасылар санының күрт өсуіне себеп болды.

«Бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде көш бастаған елдердің қатарына қосылдық», – деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаев мақсатсыз төлемдердің жалқаулық пен масылдықты күшейтіп отырғанын сынға алды.

"Турасын айтсақ, әлеуметтік салада оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, Үкімет кемінде 15 жыл бойы әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтыққа жол беріп келді" - деді Мемлекет басшысы.

 

Комментарии