Жетісу облысының тұрғыны журналист Гүлнара Бажкеновадан зәбір көргенін айтты

807
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zJk6VQGGIbcAm9ItNafBbIXEUU7EyDErJ3NhHWF6.webp

Жетісу облысының тұрғыны Арынғазы Сыздықов белгілі журналист, «Orda.kz» сайтының бас редакторы Гүлнара Бажкеновадан зәбір көргенін айтып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуын талап етіп отыр.

Ақсақалдың айтуынша, Бажкенова бір жылдан бері оның қыр-соңына түсіп, ар-намысына тиетін ауыр сөздер жазған. Тіпті, сотта мұның жала екені дәлелденсе де редактор тынышталмаған көрінеді. Бұл туралы Арынғазы Сыздықов арнайы видеоүндеуде мәлімдеді.

«Жылдың басында Қаратау ауданына барғанда біраз балықшылармен кездесу болды. Сол кездесуде пікірталас болды. Содан шыққаннан кейін Orda.kz сайтының басшысы Гүлнар Бажкенова жалған ақпарат таратып, мені қатыгез, жаман адам көрсетті. Мен өзімнің ар-намысымды қорғау үшін сотқа жүгіндім. Сотта бұл іс қаралып, судья Бажкенова Гүлнараның жазғаны заңсыз деп шешім шығарды. Ал, биыл шілдеде 60 жасқа толып, ауыл тұрғындары алдында шағын кеш жасағанымда, ол тағы да мен туралы мақала жазып, «мемлекеттен ақша бөлінді, билік қайда қарап отыр, бұл бәрін қорқытып бөлдіріп алған» деп мені жамандап мақала жазды», - дейді А.Сыздықов.
Ол құқық қорғау органдарына көмек сұрап, өзін қорғауды талап етіп және Бажкенованы қылмыстық жауапкершілікке тартуын талап етті. Ақсақалдың әйелі болса соңғы бір жылдан бері моральдық және психикалық қысым көріп, денсаулығына зиян келгенін айтып отыр.
«Бір жылдан бері біздің үйіміздің тыныштығын алды, денсаулығымза зиян келтірді. Бажкенова мен оның редакторларын жауапқа тартуды сұраймыз», - деді ол инстаграмдағы өзінің парақшасындағы видеоүндеуде (https://www.instagram.com/reel/DOQbE-4iEC7/?igsh=MTB6eTZweHVvcm14Ng%3D%3D).
Еске салайық, Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнара Бажкенова бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің және ҰҚК қатарындағы лауазымды қызметкерлердің ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Ақпарат министрі, Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді. Orda.kz сайтының иесі болса Бажкенованың психикасына күмәнмен қарайтынын айтып, онымен соттасатынын айтты.

Комментарии