Алматыдан Ақтауға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жолаушылардың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілген сәтте салоннан түсініксіз дыбыстар естілген. Ал 30–40 минут ұшқан соң әуе кемесі кенет төмендей бастаған.
Компания бұл жағдайға техникалық ақаудың себеп болғанын жеткізді.
«31 тамызда Алматы-Ақтау бағытына шыққан КС 859 рейсінің экипажы Ақтауға жете бере техникалық ақау туралы хабар беріп, нұсқаулыққа сай бірінші болып қонуға рұқсат сұрады. Кейін ол Ақтау әуежайына сәтті қонды», - деді компанияның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта әуе кемесіне тексеріс жүргізілуде.
Новости по теме
В Алматы подписан Меморандум о сотрудничестве между Республиканской научно-педагогической библиотекой и Общественным фондом «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация»
Строительство горного курорта удержит молодёжь в стране: на слушаниях по Almaty SuperSki обсудили создание 15 тысяч рабочих мест
