Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Тоқаев құттықтауында қазақ-қырғыз қатынастарының сан қырлы стратегиялық серіктестік пен одақтастық негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.
"Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол" – делінген жеделхатта.
Новости по теме