Өзбекстанға 500 киік жіберіле ме? Министрлік жауап берді

1548
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KMVOQIJRY79najIKfYcU4f7uH3q3Nl1EusmjKd80.jpg

Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктерді Өзбекстанға беру мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

22 шілдеде Өзбекстанның экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің ресми ресурсында екі ел арасында киікті сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайындық жүріп жатқаны туралы айтылған болатын.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі меморандум жобасы жұмыс тәртібімен Қазақстан тарапына ұсынылғанын және қазіргі уақытта қаралу сатысында тұрғанын мәлімдеді.

«Осы мәселенің табиғатты қорғау маңыздылығын ескере отырып, Меморандумның мазмұны екі елдің жауапты ғылыми мекемелері мен уәкілетті мемлекеттік органдарын тарта отырып, пысықтауды талап ететінін атап өткен жөн. Сондай-ақ жануарлар дүниесі өкілдерін беру, сондай-ақ меморандум жасасу мәселелері мемлекетаралық санатқа жатады және тиісті деңгейде шешім қабылдауды талап етеді»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан Қазақстаннан 500 киік алғысы келетіндерін айтқан еді.

Комментарии