Алматыда ҚХА Ақсақалдар кеңесінің V Республикалық форумы өтті

1232
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oIpBls4FoRcP4tGQYarVCxiXnOLQP1DJGc0CwfXL.jpg

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Адал азамат – ұлт келбеті» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің V Республикалық форумы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

17 маусымда қатысушылар Алматы электромеханикалық колледжіне барып, жұмысшы мамандықтарының даму барысымен және жастарды кәсіптік бағдарлау үдерістерімен танысты.

Негізгі пленарлық отырыс 18 маусымда Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде өтті. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов төрағалық етті.

Форум жұмысына Алматы қаласы әкімдігі, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, Аналар кеңесінің мүшелері, ҚХА өңірлік Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары қатысты.

Жиын барысында жыл басынан бері елімізде ассамблея аясында 1000-нан астам іс-шара өткенін, оның ішінде жастарға бағытталған жобалар мен қоғамдық келісімді нығайтуға арналған бастамалардың кең көлемде қамтылғанын жеткізді.

Өз сөзінде Марат Әзілханов адал, елжанды, жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеудің маңызын ерекше атап өтті.

«Біздің үйлестіріп жатқан барлық жұмысымыздың түпкі мақсаты – адал, патриотты, елін сүйетін әрі жауапкершілігі жоғары азаматты тәрбиелеу. Осы бағытта қолға алынған “Ақсақал тағылымы” жобасы – дәл осы мақсатқа жауап беретін нақты бастама», – деді Марат Алмасұлы.

Форумда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Қалдыбеков, Аналар кеңесінің төрағасы, бірнеше зиялылар түрлі ұсыныстар айтты.

"Адал азамат - ұлт келбеті" атты ҚХА Ақсақалдар кеңестерінің V республикалық форумында "Адал азамат " біртұтас тәрбие бағдарламасының идеологемасы да кеңінен талқыланды.

 

Комментарии