Гагариннің жанкешті ерлігі

3087
Adyrna.kz Telegram

Төменде Гагариннің ғарыштан оралғаннан кейін бірнеше сағаттан соң түскен фотосы. Бұл жерде атақты , "гагариндік жымию" жоқ. Қандай шырғалаңнан өтіп, қандай ғажайыптардың арқасында тірі қалғанын түсінген адамның бейнесі бар.

Штаттан тыс оқиғалар ұшпай тұрып-ақ басталған болатын. Әуелі салмақ өлшеу кезінде космонавт скафандрымен бірге есептегіден 10 кг-ға жуық ауыр екені анықталып, екі датчикті кесіп алып тастаудан басқа амал қалмады.

Одан соң Гагарин корабльге орналасқан соң дәл старт алдында люктің герметикалық жабылмағаны анықталды. Бірақ қысқа уақытта 30-дан астам винтті босатып, қайта қатайтып үлгірді де кеме ғарышқа жол тартты.

Бұдан кейін де бәрі жоспардағыдай болған жоқ.

Екінші саты программадағыдай жұмыс істемей, корабль есептелген орбитаға шыға алмады. Бұл жөнінде Гагаринге айтылмағанмен, ол бір проблема барын түсініп Басқару Орталығынан ,,не болды" деп бірнеше мәрте сұрады. Жауап берілген жоқ.

Жерге оралатын кезде тежегіш двигатель қызметін атқарып болғасын түсу капсуласынан ажырамай, бірге құлдилай бастады. Бұл дегенің 100% катастрофа, "қош бол, Гагарин" еді.

Гагариннің иллюминатордан жалын тілдерін көрген кездегі, "Қош болыңдар, мен жанып барамын" деген сөздері еш жерде айтылмады. Ол өртеніп жатыр деп ойлағанмен бұл апараттың қаптамасы еді. Үлкен температураның арқасында капсула двигательден ажырап, одан әрі штатты құлдилау басталды.

Капсуладан Гагарин жоспардағыдай креслосымен бірге катапульта жасады. Тағы да штаттан тыс жағдай, скафандрдағы ауа таусылды. Ал жердің ауасымен дем алайын десе скафандр ашылмайды. Жерге түскеннен кейін тек 6 минуттан соң ғана ол скафандрін әзер ашып үлгірді.

Бұдан басқа да көп майда сәйкессіздіктер, ақаулар орын алды. Бірақ Гагарин бәріне төтеп беріп, біріншілердің ішінен бірінші болды.

ОЛ ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЖЕҢІП ШЫҚТЫ!

Рамазан АЖНИЯЗОВ

Пікірлер