«Ақ жол»: Ұлттық, квазимемлекеттік компаниялардағы жастар үлесін арттыру керек

347

«Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Тоғжановқа Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин жолдады.

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Бүгін Мәжіліс жергілікті мәслихаттардағы депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 30 пайыздық квота енгізуді көдейтін заң жобасын жұмыс жасау үшін қабылдап алды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы заң жобасын қолдай отырып, оған өз ұсыныстар пакетін дайындады.

Сол секілді жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыспен қамтылу мәселесі де үлкен маңызға ие екенін де атап өткенді жөн деп білеміз.

Егер депутаттық мандаттарды бөлу туралы айтатын болсақ, онда Парламент депутаттары ғана өзге қызметтерді атқармайтын, кәсіби депутат болып саналады; ал мәслихат депутаттары өз міндеттерін әлеуметтік жүктеме ретінде атқаруда.

Яғни, 30 пайыз мандатты осы санаттарға бөлу реформасы жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бүкіл ел бойынша небәрі 32 жұмыс орнының пайда болуына ғана алып келеді.

Осы орайда мемлекеттік қызметкерлердің саны 88,5 мың адамды құраса, квазимемлекеттік секторда 809 мың жұмыс орны бар екенін атап өту керек. Яғни, дәл осындай квотаны аталмыш бағытта қолдану жастарға, әйелдерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 32 жұмыс орнын емес, 269 мың жұмыс орнын бөліп беруге мүмкіндік жасар еді.

Сонымен қатар, дәл сол жылғы мәліметке сәйкес еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар саны да осы көрсеткішке жақын, нақтылай айтқанда, 286 мың адамды құраған болатын (NEET).

Егер жастар заң қабылдауға қабілетті болса, онда жас мамандар практикалық тәжірибе бен білім жинақтай отырып, өз кәсіби жолын төменгі сатылардан да бастай алады деген сөз.

Ал жұмысқа орналасудың жаппай перспективасының жоқтығы шетелдік үздік университеттерді тәмамдаған білікті жас мамандардың «көкелердің» қолдауынсыз бір-екі жылдық ізденістен кейін, лайықты жұмыс таппай шет елдеріне көшу мәселесін тудырады. Мәселен, 2021 жылдың 3 тоқсанында Қазақстаннан 25 332 азамат кеткен, олардың әрбір төртіншісі 28 жасқа толмаған, көбі жоғары білімді.

Ал, мыңдаған мемлекеттік мұнай өндіруші компанияларда жастар үлесі 2-4 пайызды ғана құрайды.

«Самұрық-Қазына» қоры тобындағы штатты қызметкерлердің жалпы саны 264 200 адамды құрайды. Оның ішінде мүгедектер үлесі 1%-дан да аз.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» заңда (9-баптың 6-тармағы) мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы жұмыс орындарының 2-ден 4%-ға дейін белгіленгенімен, бұл бап белгілі бір себептермен тек ШОБ субъектілеріне ғана қолданылады. Ал Жұмыспен қамту басқармаларының мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға батылдық пен беделдері жетіспейтін көрінеді.

Мыңдаған жастар мен мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар мансап жолында өсу мүмкіндігі бар ұлттық компанияларда жұмыс істеуді армандайды.

Алайда, ол компаниялардың есігі сирек жағдайларда ғана ашық болатынын көріп отырмыз. BRIF Research Group жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелге оқуға баруды жоспарлағандардың 70% жуығы сол жерде қалғысы келетіні де кездейсоқ емес.

Өткен жылы АҚШ-қа бару үшін Green Card лотереясына 155 мыңнан астам қазақстандық қатысты, бұл экономикалық белсенді халықтың 1,7 пайызын құрайды.

Бірақ, бұл көбінесе амалсыз таңдау, өз елі қабылдамаған адамдардың таңдауы.

Бұл мәселені қазірдің өзінде халықаралық агенттіктер көтеріп отыр: мысалы, биылғы жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында жетекші шетелдік компанияларда қызмет етіп жатқан тәжірибесі бар қазақстандықтарды қайтару және жұмысқа тарту жөніндегі бағдарламаны іске қосу туралы KPMG компаниясының ұсынысын қолдаған болатын. Алайда бұл бағдарламаның жобасы әлі жарияланған жоқ.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының ұсыныстары:

 1. Мемлекеттік органдардағы (министрліктер, ведомстволар және жергілікті атқарушы органдар), ұлттық компаниялар мен оның құрылымдық мекемелері саналатын квазимемлекеттік кәсіпорындардағы жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әйелдердің жалпы үлесі туралы ақпаратты беру;

2. Мемлекеттік қызметшілерге, ұлттық компаниялардың және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлеріне қатысты әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға (депутаттар квотасына ұқсас) квота енгізу мәселесін қарастыру.

3. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 10 шілдедегі әлемнің үздік технологиялық компанияларында жұмыс істейтін дарынды жастарды Қазақстанға қайтару бағдарламасын іске қосу туралы өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндау.

 Құрметпен, “Ақ жол” демократиялық партиясының фракциясы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket