Еңбегі көпке үлгі болған Құрмет Талапқазы жаңа үйге кірмек (ВИДЕО)

5522
Adyrna.kz Telegram

Биылғы қуаңшылық кезінде батыс өңірлерге шөп жеткізуге бастамашы болған Құрмет Талапқазы жаңа жылды өз үйінде қарсы алатын болды. Қоғам белсенділері баспанасы жоқ жігітке үй алып беру мәселесін көтерген еді. Көпшілік бұл бастаманы қызу қолдап, екі жарым күннің ішінде 10 миллион теңгеге жуық қаражат жинап берген. Бұл туралы белгілі журналист, қоғам белседісі Мақсат Толықбай әлеуметтік желі арқылы сүйіншіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы exk.kz-ке сілтеме жасап.

Қуаңшылықтан мал қырылып жатқанда 24 жасар Құрмет Талапқазы азаматтардың басын қосып, батыс өңірлеріне вагон-вагон шөп жеткізуге түрткі болған. Қиын жағдайға тап болған өңірлерге соның нәтижесінде 500-ден астам вагон мал азығы жеткізілды. Ал кейіннен игі істің басы-қасында жүрген Құрметтің өз баспанасы жоқтығына қынжылған белсенділер халықтан көмек сұраған еді.

Қадірлі ағайын, сіздердің арқаларыңызда қазақтың бір баласы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алады, бұйырса. "Көп түкірсе — көл" деген. Екі жарым күннің ішінде біз ойлағаннан артық ақша жиналды — деп жазады Мақсат Толықбай.

Үй құнының жартысын көпшілік көтерсе, қалғанына меценаттар жәрдемдеспек. Алдағы аптада белсенділер Шымкентке барып, Құрметпен бірге баспана іздеуге кіріседі.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер