Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі, Қазақстанның бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев ұлтшылдардың кесірінен Қытаймен қарым-қатынасымыз қалай бұзылғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Ответь Бажкеновой» жаңа шығарылымында Қазақстанның саяси өмірінің белсенді қатысушысы және куәгері Ермұхамет Ертісбаев синофобия мен Қытайға қарсы митингілер толқыны басталған кезде Қытайдың Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы үлкен мақала жазғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл мақала ұнады. Оның үстіне ол қытайтанушы, өзінің еңбек жолын ҚХР-да КСРО кезінде елшіліктен бастаған және қытай тілін жетік меңгерген.
Гүлнар Бажкенова «бұл ретте Қытаймен қарым-қатынасымыз нашарлады, өйткені олар қазір біздің жүктерді өткізбейді» деп атап өтті.
– Соңғы, айталық, жарты жыл ішінде белгілі бір шиеленіс болуы мүмкін. Қытайға қарсы тақырыпты үнемі көтертен ұлтшылдарымызға рахмет айту керек. Ресей Федерациясымен қарым-қатынасты бұзғысы келетін де ұлтшылдарымыз бар. Құдай сақтасын, олардың жоспарлары жүзеге асса, еліміз жаппай дағдарысқа ұшырап, талқандалса, онда ұлтшылдарымызға соңғы рет үлкен рахмет айту керек, – деп жауап берді Ертісбаев.
Қазақстаннан өтетін жүктерді Қытай шекарадан қашан өткізе бастайды деген сұраққа саясаттанушы бұл түсінбеушіліктен туындаған уақытша жағдай екенін айтты. Сонымент қатар ол 1992 жылдың 2 қаңтарынан бастап ҚХР-мен дипломатиялық қатынастар орнатылғанын айтты. Ертісбаевтың пайымдауынша, «Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы тәуелсіздіктің барлық 30 жылында үлгі тұтарлық болған.
"Адырна" ұлттық порталы