Семей әкімшілігі Мәскеуден 23 миллионға екі шырша сатып алды

5109
Adyrna.kz Telegram

Семей әкімдігі қала алаңдарына орнату үшін сатып алған екі жаңа шыршаның құны жергілікті тұрғындарды таңғалдырды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша, екі жаңажылдық ағашқа бюджеттен 23 миллион теңге жұмсалған,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап. 

Семейліктер шыршалар мен оның бағасы сәйкес келмейтінін айтып жатыр.

Бұл сынға қалалық ТКШ өкілдері жауап берді. Олар "Орал шыршасы" деп аталатын жасанды ағаштар Мәскеуден сатып алынғанын, бірінің биіктігі 19 метр, екіншісі 18 метр екенін хабарлады.

Сондай-ақ, сатып алу құнына шыршалар ғана емес, бірқатар қосалқы шығын, соның ішінде безендіргіштер кіретіні айтылды.

- Шыршалар мынадай бөліктерден тұрады: орталық алаңдағы ұзындығы 200 сантиметр "Жұлдыз"; 10 метрден 200 дана жарықдиодты гирляндалар; "Жұлдыз" ойыншығы - 47 сантиметр, 25 дана; "Жұлдыз" ойыншығы - 36 сантиметр, 220 дана; 245 жұлдыз тәрізді қоректендіру адаптері. Сонымен қатар, бағаға Мәскеуден тасымалдау шығындары, құрастыру және салықтар кіреді, - делінген ТКШ бөлімінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Семейде 10,5 миллион теңгелік "Жұлдызды аспан" инсталляциясы орнатылды. Сондай-ақ, қала бойынша жалпы құны 20 миллион бюджеттік теңге тұратын бес жаңажылдық шағын сәулет нысаны орнатылмақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер