Путин: НАТО ұсынысымыздан бас тартса, жауап береміз

2609
Adyrna.kz Telegram

Егер АҚШ пен НАТО Ресейге қауіпсіздік кепілдігін беруден бас тартса, Мәскеудің жауабы мүлде басқаша болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 26 желтоқсанда Ресей Президенті Владимир Путин «Россия-1» телеарнасында айтты. Оның айтуынша,  нұсқаларды таңдау әскери сарапшылардың ұсыныстарына байланысты болады.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Ресей бұл мәселе бойынша келіссөздердің оң нәтижелеріне қол жеткізуге күш салатынын баса айтты.

«Біз дипломатиялық үдеріс тұрғысынан бірдеңені өшіру және тоқтатуды ұсынған жоқпыз, бірақ дипломатиялық келіссөздер нәтижесіне нәтижеге қол жеткізу үшін өз нұсқамызды айттық. Біз заңды түрде  ұсынған құжаттар аясында соған ұмтыламыз», - деп қосты В. Путин.

EADaily хабарлағандай, 23 желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында Президент Мәскеудің одан әрі әрекеті АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдігі туралы келіссөздердің барысы емес, «бүгінгі күні және тарихи перспектива үшін Ресейдің қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз етуге байланысты болады» деп ескертті.

Путиннің айтуынша, осыған байланысты ресейлік тарап «НАТО-ның одан әрі шығысқа қарай жылжуын қабылдауға болмайтынын» анық әрі айқын көрсетті.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер