5-сынып оқушысы өрттен 4 баланы аман алып қалды

4173
Adyrna.kz Telegram
Қостанайда 5-сынып оқушысы үйге терезе арқылы кіріп, кезек-кезек төрт баланы өрттен аман-есен сыртқа алып шыққан деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.

"Жеке сектордағы саяжайда өрт болып жатқаны туралы ақпарат 25 желтоқсанда сағат 11:36-да келіп түсті", делінген  Қостанай облыстық ТЖД хабарламасында.

Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын шатырды жалмап, бөлмелердің ішіне қарай жылжыған. Мұнда алты адам тұрады, бірақ мамандар келгенде іште ешкім болмаған.

Кейін өрт сөндірушілер №22 орта мектептің бесінші сынып оқушысы көшеде ойнап жүріп, қалың түтінді байқағанын анықтады. Бала бұл үйде үлкен отбасы тұратынын жақсы біледі екен, үлкен қыз - сегіз жаста, ал кішісі - екі жаста. Ол өрт сөндірушілердің келуін күтпестен терезеден үйге ішіне қойып кетіп, қалың түтін ішінен барлық балаларды құтқарды.

ТЖД мәліметінше, өрт кезінде үйде балалардың ата-анасы болмаған. Олар пешке от жағып, дүкенге шығып кеткен.

Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, оттың көрші саяжай учаскелеріне таралу қаупін жоя алды. Өрттің болжамды себебі - пешті дұрыс пайдаланбау.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер