Бақытгүл Хаменова әлі де жұмысынан босатылмады

5874
Adyrna.kz Telegram

Бақытгүл Хаменова тергеудің біткенін түрмеде күтетін болды Тергеудің біткенін ақыры түрмеде күтетін болды. Прокурорлардың талабынан соң, сот Бақытгүл Хаменоваға қатысты шешімін қайта өзгертті. Атырау облысы әкімінің орынбасары он күн бұрын ғана үйқамаққа ауыстырылған болатын, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Ал шешімнің өзгеруін соттағылар тағылған айыптың ауырлығымен түсіндірді. Оның үстіне Хаменова үйінде жүрсе қызметін, ықпалды тамыр-таныстарын пайдаланып тергеуге кедергі келтіруі ықтимал деп тауыпты.

Егер тағылған айып бойынша шенеунік кінәлі деп танылса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Атырау облысы әкімінің орынбасары Абай ескерткішіне  бөлінген 145 миллион теңгеден ауызбастырық алды деген күдікпен екі апта бұрын ұсталған болатын. Онымен қоса Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы да ұсталған.

Бірақ Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін бірден мойындап, тергеушілерге көмек бергені үшін қамауға алынбады. Ал Хаменова темір торға қайта қамалғанымен, қызметінен әлі ресми түрде босатылмапты.

  Ержан Төлек, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Өткен жолы айтқанымдай, қазір соттан ешқандай шешім келген жоқ. Қазір тергеу изоляторында жатқанын өздеріңіз білесіздер. Сондықтан жалақы жүрмейді, жұмыста болмауына байланысты. Оған қарасты басқармалар қазір әкімнің өзге орынбасарларына бөлініп берілді. Қазір сол кісілер жауапты.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер