Халық әртісі Мақпал Жүнісова «Отыздан асып барамын» фильмін түсірушілеріне шүйлікті

455

Халық әртісі Мақпал Жүнісова «Отыздан асып барамын» фильмін түсірушілеріне шүйлікті. Ол топ мүшелерін «менің жауым» деп атады. Әнші оларды одан рұқсат сұрамағаны үшін сотқа арыз беретінін айтты.

Ол өзінің Instagram парақшасында үндеу жасады. Ол фильмде образын жасаған және әнін шығарған топтың одан рұқсат сұрамағынын айтты.

«Отыздан асып барамын» деген кино шығыпты. Маған оның сілтемесін жіберіп жатыр. Ол жерде менің де рөлім бар екен, бірақ мен ойнаған жоқпын. Маған ешкім айтқан да, рұқсат сұраған да жоқ. Ойнаған актриса мен емес. Мен олай ойнамаймын. Тек менің даусымды алған. Оны да менің рұқсатымсыз алған. Мен әлі тірімін. Жер басып жүрген адаммын. Мен олай боянбаймын да, домбыраны жерге сүйретіп жүрмеймін де. Олар мені жаман көрсеткісі келген. Олар – менің жауларым» деді Мақпал Жүнісова.

Жүнісова соттасуға уақыты жоқ екенін айтып, топ мүшелеріне өз талабын айтты.

«Менің ешкіммен соттасып жүретін уақытым жоқ. Бәрін бір Аллаға тапсырдым. Менің оларға қояр талабым – кинодағы мені сомдаған кадрларды алып тастасын, алмаса, сотта кездесеміз» деді Мақпал Жүнісова.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket