В.Путин: Ресей мен Қытай жоғары технологиялық қаруды бірлесіп жасап жатыр

3222
Adyrna.kz Telegram

Ресей мен Қытай қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтасып, жоғары технологиялық қаруды бірлесіп жасап жатыр. Бұл туралы  Ресей Президенті Владимир Путин баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз Қытаймен қауіпсіздік саласында ынтымақтасамыз. Қытай армиясы негізінен ең озық қару-жарақ жүйелерімен жабдықталған. Біз тіпті кейбір жоғары технологиялық қаруларды бірге жасап жатырмыз", - деді Ресей басшысы. — Біз сондай-ақ авиация саласында да бірігеміз, ұшақ,  тікұшақтар шығарамыз".

Путин сондай-ақ Ресей Федерациясы мен ҚХР да елдердің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты дамытып жатқанын атап өтті.

"Бұл бірлескен оқу-жаттығулар, бірлескен халықаралық соғыс ойындарына қатысу, теңізде және әуеде бірлескен патрульдер болмақ", - деп қосты ол Ресей Федерациясы мен ҚХР "мүлдем толық қамтитын стратегиялық серіктестікті" дамытқанын жеткізіп.

Ол Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық қарым-қатынас халықаралық аренадағы негізгі тұрақтандырушы фактор болып табылатынын айтты.

"Бұл Ресей мен Қытай арасындағы тарихта теңдесі жоқ стратегиялық сипаттағы абсолютті жан-жақты серіктестік. Бұл күнделікті қарқынды жұмыс қытай халқына да, орыс халқына да пайдалы және халықаралық аренада елеулі тұрақтандырушы фактор болып табылады", - деді Путин.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер