Ресейде деректі фильм түсіріп жүрген қазақ журналисі қамауға алынды

474

Ресейде түркі қауымдастықтарының өмірі туралы деректі фильм түсіріп жүрген түрік басылымының екі редакторы — Назгүл Кенжетай мен Эмин Карачак қамауға алынды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Anadolu" агенттігіне сілтеме жасап.

Оларды экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ұстаған. Журналистердің заттары тәркіленді. Олар түсірген барлық материалдар жойылған, ал екеуі де Абакандағы уақытша ұстау пунктінде жақын уақыттағы депортацияға дайындалып жатыр.

Кенжетайдың айтуынша, оны Красноярск арқылы Қазақстанға, ал әріптесін Түркияға жіберу керек. Алайда Кенжетай мен Карачак билік қамауда ұстау мерзімін ұзарту үшін оларды шығару процесін кешіктіріп жатыр деп хабарлайды. Журналистердің айтуынша, Абакандағы камераларында жылу мен ыстық су жоқ. Олар күніне екі рет қана таза ауамен тыныстауға шыға алады. Ал телефондары үнемі бақылауда. Сондай-ақ камераларда тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Бұл ұсталғандардың құқықтарын бұзады.

"IslamNews" ақпараты бойынша, Кенжетай – Түрік университетінің журналистика факультетін бітірген Түркияда тұратын Қазақстан азаматы. Ол Таяу Шығыстың ыстық нүктелерінен фоторепортаждар топтамасы үшін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасына енді. Эмин Карачакпен бірге Хакасияға барар алдында Якутия, Бурятия және Алтайдағы түркі халықтарының өмірі туралы бірнеше сюжет түсірген. Сонымен қатар Иркутск облысындағы тофа халқымен де жолыққан.

Ал "Сибирь.Реалии" басылымы хабарлағандай, 17 желтоқсан күні Абакан қалалық соты Кенжетай мен Қарачакты шетелдік азаматтың Ресейге кіру ережелерін бірнеше рет бұзғаны үшін кінәлі деп тапты. Сотты қолдаған ІІМ нұсқасы бойынша, блогерлер БАҚ-қа видео түсірген, бірақ Хакасияда аккредитациясыз жұмыс істеді: бұл үшін оларға 5 мың рубль айыппұл салынды. Бұған дейін Кенжетай мен оның серіктесіне Якутияда осыған ұқсас бап бойынша айыппұл салынған болатын.

Түрік мемлекеттік агенттігі ресейлік БАҚ-та: "Кенжетай мен Карачактың Ресейге қарсы үгіт-насихат жүргізіп, тыңшылықпен айналысқаны, түркі халықтарының Ресей басшылығымен қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын және Исламды таратқаны туралы негізсіз мәлімдемелері бар материалдар жарияланды" деп атап өтті.

Алайда Хакасиядағы түріктер журналистердің ауыр жағдайын біліп, Кенжетай мен Қарачакқа тамақ пен су апарған.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket