Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында әдебиетші-зерттеуші, ақын-жазушы, БАҚ өкілдеріне алғыс айтылды

2640
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қорымызбен шығармашылық, әріптестік қарым-қатынасын тереңдете түскен әдебиетші-зерттеуші, ақын-жазушы, ғылыммен айналсып жүрген жастар мен БАҚ өкілдеріне алғыс айтып, сыйақы бердік. Биыл да ауыз толтырып айтарлық игілікті іс-шара жасадық.

Атап айтқанда:

Қорымыздың кітапхана сериясымен демеушілік жасап шығарған кітаптары:

Дәулетбек Байтұрсынұлы, "Ерлік ескірмейді";
Дүйсенгүл Жақан, "Халық мұрасының жанашыры(З.Сәнік шығармашылығы жайында);

Роза Сейілхан, "Өрік гүлі";
"Барқытбел баурайындағы жыр"(Үржар ақындарының жинағы);

Нұртөре Жүсіп, "Жолыққан жандар"; Айжарық Әбілқасымов, "Өлең-құдірет" кітабы. Сондай-ақ, "Қытайдағы қазақ прозасының антологиясы" таяу уақытта баспадан шығады.

Жазушы, этнограф Зейнеп Ахметовның 150 кітабын сатып алып кітапханалар мен оқырмандарға таратуды ұйымдастырдық. Бұдан тыс, қаламгерлер мен өнерпаздарға әдеби кеш өткізу, т,б жағынан қаржылай қолдау жасалуда.

Шілде айында Үржарда З.Сәнік атындағы көше ашылып, республикалық ақындар айтысы өткізілді. 50 ге жуық ақын, қаламгер, өнер және БАҚ өкілдеріне шипалы Алакөлде 5 күндік демалыс ұйымдастырдық.

         

Қазақ баспасөзін қолдау биыл да жалғасты. 1 миллион 200 мың теңгеге "Ұлан", "Ақ желкен", "Балдырған", "Қазақ әдебиеті", "Жұлдыз", "Жас алаш", "Жас қазақ" газеттеріне бір жылға жаздырдық. Әсіресе балалар-жасөспірімдер басылымына көбірек көңіл бөліп, шалғайда жатқан Үржар ауданының 50 ден астам мектебінің кітапханасына рухани байлық жеткізуге дәнекер болдық. Ауылдағы оқушылар енді өздері де газет-журналға жазылып, мақала жариялай бастады. Демек, маңызды бір мақсат сәтті орындалды деген сөз.

Қазірге дейін көрнекті жазушы, этногрф, баспагер Зейнолла Сәніктің шығармашылығына қатысты 7 өңірдегі 11 жоғарғы оқу орнынан 11 магистрлік, 6 дипломдық жұмыс қорғалып, халықаралық-республикалық ғылыми жинақтардан мақалалар жарық көрді. Жас зерттеушілер мен жетекшілеріне сыйақы беріп, шабыттандыру - қордың басты мақсаты. Бұл бағыттағы жүйелі, жоспарлы жұмыстар жалғасады.

Тұп-тура 1 жыл болған "Amanat tv" ютуб арнасы арқылы әралуан мазмұн мен жанрда 120 ға жуық рухани-тәрбиелік бағыттағы бағдарлама-сюжет жасап көрерменге ұсындық. Оның ішінде "Алаш аруы" ұлттық байқауы қазақы құндылықтарды жастарға насихаттау мен үйретуге арналып, жеңімпаздары ақшалай жүлдеге ие болды.

Бізді қолдағандарды біз де қолдай береміз.
Әрине, бар қазақты жарылқай алмаспыз, оған миллиярттаған байлығы бар мемлекеттің бюджеті де жетпей жатыр. Дегенмен, хал-қадірімізше ұлтқа үздіксіз қызмет етуге дайынбыз!

Баршаңызды еліміздегі ең ұлы - Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!

Бостандық бақытымыз қияметке дейін баянды болғай!

 

Жарқын Сәленұлы,
Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының қызметкері, журналист

Пікірлер