Туа сала тастап кеткен: екі күн бойы орманда жатқан нәресте тірі табылды (ВИДЕО)

4175
Adyrna.kz Telegram

Таиланд тұрғындары орманнан жаңа туған шақалақты тауып алды. Дүниеге келгеніне небәрі екі күн болған сәби аймақтағы жыртқыш жануарлар мен улы жәндіктерге жем болмай, тірі қалған. Бұл туралы "Адырна" сайты дереккөзге сілтеп хабарлайды.

Нәрестені Краби ауылының тұрғындары кездейсоқ тоғайдың арасынан, банан жапырақтарының үстінде жатқан жерінен тауып алған. Сәби тұтастай жалаңаш болған. Нәрестенің үстінде жәндіктер мен құрттар жүрген. Оны тапқан ерлер сәбиді қозғауға қорқып, бірден құтқарушыларға хабарласқан.

Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде, сәбидің денесінен бірнеше жара, жәндіктердің шаққан орнын байқапты. Одан өзге, қыздың денсаулығында кінәрат болмаған.

Қазіргі уақытта сәби ауруханада, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер қыздың небәрі екі күн бұрын дүниеге келгенін мәлімдеді. Олар ормандағы жыртқыш аңдар мен улы жәндіктерге және ауа-райына қарамастан, қыздың аман қалғанына қатты таңырқады.

Жергілікті полицейлер жаңа туған баланы орманда тастап кеткен адамды іздеп таппақ. Алайда орманда бақылау камералары болмағандықтан, бұл іс қиынға соғайын деп тұр.

Шақалақты құтқару сәтінің видеосын мына

">сілтеме арқылы көре аласыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер