Ардана қыз жойғыш ұшақты тізгіндеп, Балқаш көгін шарлап жүр

3063
Adyrna.kz Telegram

ҚР Қарулы Күштері әскери әуе күштеріне қарасты 53898 әскери бөліміндегі аға ұшқыш әрі нұсқаушы лейтенант Ардана Ботай өзінің әскери қызметін абыроймен атқарып келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ардана Ботай бала кезінен ұшқыш болуды армандап, жойғыш ұшақты тізгіндеуді мақсат етіпті. Осы арман он алты жастағы бойжеткенді мемлекеттік авиациялық орталыққа жетелеп келген. Орталықта үздіктердің бірі болған курсант ТЛ-2000, Diamond-42 және Techam-P 2002 секілді жеңіл моторлы ұшақтарды жүргізуді үйренеді.

Жоғары ұшқыш мамандығын ол Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясында алған. Оқу аяқталысымен Ардана 2010 жылдың қаңтар айынан бастап Ан-26 әскери-көліктік ұшақ экипажы командирінің көмекшісі болып қызметке келеді. Қазіргі уақытта Балқаш қаласындағы 53898 әскери бөлімінде әскери қызметін өтеп жүр.

«Құс секілді самғап жүріп, көк аспанға ғашық болмау мүмкін емес. Бала кезден ұшуды армандайтын едім. Кішкене кезімде әкем екеуміздің Алматыға ұшып барғанымыз есімде. Сол кездің өзінде мен пилоттың ең басты міндеті - кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдау екенін сезіндім. Ұшқыштар - әуедегі қорғаушылар емес пе!?», - дейді Ардана Ботай.


matritca.kz

Пікірлер