Желтоқсанға байланысты құжаттық жинақ жарық көрді

3473
Adyrna.kz Telegram

Жуырда Ұлттық кітапханада «Желтоқсан. Декабрь. 1986. Документальная хроника» атты ғылыми еңбектің таныстырылымы өтті. «Арыс» баспасынан жарық көрген аталмыш кітап Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналды. Желтоқсан оқиғасының қатпарлы сырларын пәш ететін еңбекті құрастырып, оқырман қауымға ұсынған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы.

Аталмыш шараға тарихшы ғалымдар, желтоқсаншылар, зерттеуші жастар қатысты. Тәуелсіздіктің тұғыры болған Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық жинақты зиялы қауым өкілдері жылы қабылдап, ұлт рухының оянуына қосылған еселі еңбек деп бағалады.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттық материалдар топтастырылған жинақ  3 бөлімге бөлініп, хроникалық ретпен берілген. Бірінші бөлімде 1986 жылғы желтоқсан айындағы партия, мемлекет және құқық қорғау органдарының ресми құжаттары топтастырылса, екінші бөлімде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен жағдайы жайындағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Призидиум Комиссиясының зерттеу материалдары берілген. Ал үшінші бөлімде ҚР Конституциялық Соты (1992-1994) қарастырған құжаттық материалдар тізбегі жинақталған.

Қалыңдығының өзі 3 еліден асатын еңбектің салмағы 1.710 кг. Бірақ оның ұлт руханиятына қосар үлес салмағы ұшан-теңіз екені даусыз. Мұндай құжаттық негіздегі еңбектің жарық көруі – Желтоқсан оқиғасының зерттелуіне тың серпін берері сөзсіз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер