Шымкентте күнделікті бұқаралық спорттық жаттығулар өтеді

1515
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды қалыптастыру» пилоттық жобасы әзірленді.

Қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасындағы жауапты мамандардың баяндауынша, жоба 2020 жылғы қарашада бастау алады.

Жобаның түпкі мақсаты – қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға жұмылдыруды көздейді.

Осыған орай, қала аумағындағы 10 спорт алаңында таңғы және кешкі спорттық жаттығулар өтеді. Таңғы жаттығулар – сағат 08.00-де, кешкі жаттығулар – сағат 18.00-де басталады.

Жаттығуларға қаланың әрбір тұрғыны қатыса алады. Жаттығулар әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері өтеді.

⠀Жаттығулар жалық көп жиналатын «Абай» саябағы, Металлургшілер саябағы, «Отбасы» аллеясы, Қошқар ата өзені жағалауы, «Тәуелсіздік» саябағы, Орталық саябақ, Жеңіс саябағы, Дендросаябақ, «Нұрсәт» шағын ауданындағы аллея мен Қажымұқан атындағы «Орталық стадион» аллеясындағы спорт алаңдарында өткізілмек.

Айта кетейік, миллионды қалада бұқаралық спортты дамыту бағытында қолға алынған жоба тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етеді.

Пікірлер