Елбасы мен тәуелсіздік – егіз

1022

Елбасы мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Оны  Қазақстанның қазіргі тарихына куә болған әрбір азамат біледі. 

Бұл пайымды халықаралық және отандық сарапшылар да жиі айтады. Себебі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге тәуелсіздік алудың басында болып, бұл киелі ұғымды дүйім халыққа ұғындыра білді.

Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы еңбегін Ұлыбритания лорды Джеймс Уортон да бағалаған еді.

«Қазақстан аймақ пен одан тыс жерлерде артып келе жатқан рөл атқара бастады. Елбасының басшылығымен көптеген жетістікке қол жеткізілгені анық. Бұл біздің ұрпақтарымыздың тамаша болашағының негізін қалады. Біз мұны саяси пікірталастарда көреміз. Кейбір құжаттармен танысуға мүмкіндік алдым. Мәселен, «100 нақты қадамды» Елбасы болашақ даму жоспары ретінде әзірледі», – деді лорд Джеймс Уортон «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы» халықаралық форумында.

«Жарасым» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Тимур Жұмырбаев Елбасы мен тәуелсіздікті бөліп жарып айтуға болмайтынын айтады.

Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде еліміз Кеңес одағының құрсауынан шығып, тәуелсіз елге айналды. Барлығы басынан осылай жақсы болып кетті деп те айтуға болмайды. 30 жыл ішінде саяси-әлеуметтік, экономикалық кезеңдерді бастан өткердік. Бүгінгі деңгейімізді қарасақ, 30 жыл бұрын қалалар жылусыз, мұғалімдер мен дәрігерлер айлар бойы жалақы алмай жүріп, нарықтық экономика болмағанына сену өте қиын. Қазір Қазақстанның экономикасы нарықтық әрі шетелдік нарықтармен тығыз байланыс орнатқан. 30 жылда Елбасы саясатының арқасында әлемге танымал, көп келіссөздердің ордасына айналған елордамыз да көбінің көңілінен шығады. Осының барлығын саралай келе Елбасы мен тәуелсіздікті бөліп-жаруға келмейтінін көруге болады, – деді ол.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket