Елбасы халқымыздың ұлы перзенті екенін дәлелдеді – Тоқаев

4736
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздік жылдарының алғашқы сынақтарынан қазақ халқы дара басшылығымен сүрінбей өтті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиында айтты.

«Елбасы өзінің бір сұхбатында азаттықтың алғашқы әсерін еске алғаны бар. Онда жұрттың бәрі мәз-мейрам болып жатты. Менің де қуанышымда шек жоқ еді. Бірақ қатты қобалжыдым. Өйткені әрі қарай не боларына алаңдаулы едім» деген болатын. Бұл шүбәсіз ақиқат. Елбасы айтқандай, Тәуелсіздікті алу бір басқа, оны сақтап қалу бір басқа. Президенттің алдында жаңа мемлекет құру міндеті тұрды», - деген Мемлекет басшысы Елбасының алдында өзіне сенім артқан халықты қиындықтан алып шығу міндеті тұрғанын еске алды.

«Елдегі сан түрлі мәселені шешудің басты жауапкершілігі Мемлекет басшысына жүктелді. Соның бәрін Тұңғыш Президентіміз абыроймен еңсере білді. Түптеп келгенде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың ұлы перзенті екенін өз еңбегі арқылы толық дәлелдеді.

Жұртымыз оның дара басшылығымен кедергінің бәрінен сүрінбей өтті. Бүгінгі мерейлі мемлекетіміз – Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер