Әлемге әйгілі Il Divo квартетінің вокалисі коронавирустан қайтыс болды

1820
Adyrna.kz Telegram

Әлемге әйгілі Il Divo квартетінің вокалисі Карлос Марин 53 жасында коронавирустан қайтыс болды,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

- Досымыз және серіктесіміз Карлос Мариннің қайтыс болғанын хабарлаймыз. Оның орны әрқашан ойсырап тұрады. Карлос сияқты дауыс, рух ешқашан болмайды. 17 жыл бойы төртеуіміз Il Divo деп аталатын керемет топта бірге болдық. Досымызды сағынамыз, - деп жазды Twitter-де топтың басқа мүшелері Урс Булер, Себастьен Изамбар және Дэвид Миллер.

Испандық баритон Манчестер корольдік ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ол вакцина алған, бірақ желтоқсанның басында COVID-19 жұқтырып, кейінірек жасанды комаға жатқызылған.

Айта кетейік, Карлос Марин өзінің алғашқы альбомы "Кішкентай Карузо" шыққан кезде, яғни сегіз жасында карьерасын бастады. Кейін Нидерландыда Маринны дәл осылай атай бастады. Әнші Альфредо Краус пен Монтсеррат Кабальермен бірге оқып, опера сахнасында сәтті өнер көрсетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер