Бытыралы мылтықпен оқ атылған көлік табылды 

2411
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында әйнегі сынған, оқ тиген көлік табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары жолда "тоқсаныншы жылдар стилінде" төбелес болған шығар деп болжады.

"Челябі-Новосибирск тасжолының 635 шақырымында Чистое ауылына жақын жерде Hyundai Accent маркалы көлік анықталды. Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Зақымданған жерлері бар. Жүргізуші жақтағы есікке екі рет бытыралы мылтықпен оқ атқан.

Бірақ жарақат алған адамдар жоқ. Тәртіп сақшылары көліктің иесін анықтады. Ол облыстық білім сапасын бақылау департаментінде тіркелген. Оған Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны жауапты. Оның айтуынша, 17 желтоқсан күні түнгі сағат 22:00-де көлік бұзылып қалған. Ол мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып, көлікті жол жиегінде қалдырып кеткен. Полицейлер бұл ақпаратты тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер