АБАЙ САЯБАҒЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

4791
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті. Абай саябағында ұйымдастырылған мерекеге зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудан тұрғындары жиналды. Алдымен көпшілік Абай ауданына қарасты бастауыш білім беру ұйымдары ұйымдастырған мерекелік көрмені тамашалады. Тәрбиешілер балғындармен бірге жасаған тәуелсіздік белгілерін айшықтайтын түрлі бұйымдарды келушілер назарына ұсынды.

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары. Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау жылдар ішінде Қазақстанымыз, оның ішінде Шымкент қаласы мен Абай ауданы айтарлықтай жетістіктерге жетті. Сол жетістіктердің ішінде сіздердің де үлестеріңіз бар. Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасай берсін! – деді көпшілікті мерекемен құттықтаған Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.

Бұдан кейін ауданның көркеюіне үлес қосып жүрген бір топ ардагер мен кәсіпкерлер, қоғам белсенділері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер