Геркулестің ғибадатханасы табылды

483

Испандық мамандар Кадис маңында су басқан ежелгі ғибадатхананы тапты.  Ол ғибадатхана Геркулеспен сәйкестендірілген финикиялық құдай Мелкарттың аңызға айналған ғибадатханасына тиесілі болуы мүмкін деп хабарлайды Diario de Cadiz газеті.

Гадестегі Геркулес ғибадатханасы (Кадистің көне атауы) ежелгі дәуірдегі ең әйгілі киелі орындардың бірі болған. Ол туралы Страбон, Силий Италик және Филострат жазған. Светонийдің айтуынша, Юлий Цезарь дәл осы ғибадатханада Александр Македонскийдің мүсінін көрген, содан кейін ол өз өмірін ұлы істерді орындауға арнауды шешкен. Алайда, осы уақытқа дейін бұл ғимараттың нақты қайда екені анықталған емес.

Ежелгі ғибадатхана Сан-Фернандо мен Чиклана муниципалитеттері арасындағы Каньо де Санкти Петри каналының сағасынан табылды. Бұл ұзындығы 150 метр, ені 300 метр монументалды ғимарат.

Геркулес ғибадатханасының ашылған нұсқасын растау үшін құрлықта да, су астында да одан әрі археологиялық зерттеулер, сондай-ақ палеоэкологиялық үлгілерді таңдаумен толықтырылған арнайы геоархеологиялық талдау қажет болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket